Тоқаев өрт сөндірушілердің жағдайын көтеруге уәде етті – видео

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында алапат өртпен күресіп жүрген өрт сөндірушілермен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақорданың Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"Барлық өрт сөндірушілер, өртпен күресіп жатқандар, осы төтенше жағдайдағы ерлік үшін барлығың награда мен сыйақыға ұсыныласыңдар. Материалдық жағдайды көтеру, баспанамен қамту, кадрларды дайындау бойынша ең ауқымды шаралар қолға алынады", - деді Тоқаев.
Айта кетері, Қостанай облысындағы алапат өрт төрт ауданның аумағына жайылды. Тілсіз үш күннен бері басылмай тұр. 100-ге жуық үй жанып кетті. Бір адам қаза тапты. Облыстағы орман қорының жартысына жуығы өрттенді.
Жалпы, Қостанай облысындағы орман өртін өшіруге 224 техника мен 2 мыңнан астам адам тартылып отыр. Алты тіұшақ пен бір ұшақ, бұдан бөлек, бес өрт сөндіру пойызы тілсіз жаумен күресіп жүр.