Атырау мұнай өңдеу зауытын жөндеу кейінге шегерілді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстары жыл соңына шегерілді. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, жанар-жағармай тапшылығын болдырмау үшін бірқатар шаралар қабылданып жатыр.
"Атырау мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстарын осы жылдың соңына ауыстыру туралы шешім қабыладнды. Еске салсақ, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының күрделі жөндеу жұмыстары 15 қыркүйектен басталуға тиіс болатын. Енді кейінге қалдырып отырмыз", - деді Мырзағалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Компания басшысы Шымкент мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеуі 2022 жылдан 2023 жылға шегерілгенін атап өтті.
Айта кетері, Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуаты жылына 14,2 млн тоннадан 17,2 млн тоннаға дейін ұлғайтылды.
Бұған дейін энергетика министрлігі биыл қыркүйек айында Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталатынын хабарлаған еді.