НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Halyk Bank Қостанай облысында өртенген үйлердің отбасыларына 1 миллион теңгеден береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан банктің баспасөз қызметінде сілтеме жасап.
Банк алдымен зардап шеккен әрбір отбасының есепшотына 1 миллион теңге аударады.
"Үйінен айрылған адамдар күш жинап, алған қаражатын ең қажеттісіне – тұрғын үйді жалға алуға, киім-кешек, тамақ және қажетті тауарларға жұмсай алады", - дейді банк мамандары.
Сонымен қатар, зардап шеккендердің Halyk Bank-тегі кредиті болса, кредит банк тарапынан жабылады.