Өрттен зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысында болып жатқан өртке байланысты "AMANAT" партиясының өңірлердегі филиалдарында гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылады, деп жазды аталған партия төрағасы Ерлан Қошанов желідегі парақшасында.
"Жағдай мемлекет басшысының жеке бақылауында. Партия мүшелері мен "Жастар Рухы" қатарынан волонтерлер жасақталып, апаттан зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсететін болады. Бұдан бөлек "AMANAT" партиясының өңірлердегі филиалдарында гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылады", - деп жазды Ерлан Қошанов.