Қостанай облысындағы өрт аумағы 43 000 гектарға жетті

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысындағы өрт 43 мың гектардан астам аумақты шарпыған, деді брифингте төтенше жағдай министрі Юрий Ильин.
"Орман шаруашылығына қарасты 106 мың гектар орман қорының 43 мың гектарын өрт шарпыды. 8 жерде өрт лаулап тұр. Бұл учаскелерде өрт ағаш басын шалуы мүмкін деген қауіп жоқ емес",- дейді ол.
Қостанай облысында осымен үшінші тәулік орман өртеніп жатыр. Бұған дейін өрт салдарынан 108 үй мен ғимаратқа қалал келіп, 10 адам зардап шеккені және бір адамның көз жұмғаны туралы хабарланған.
Облыс билігі тұрығындардың зардап шекпеуі үшін өртті сөндіруге еріктілердің қатыспауын сұрады. Өрт сөндірушілер, полиция мен әскерилер жұмылдырылған. Күш жеткілікті, дейді әкімдіктегілер.
Қазір 50 әскери өрт орнына аттанды. Сонымен қатар төрт әскери тікұшақ жіберіледі.