Қостанай облысындағы өрт: 100-ден аса ғимаратқа зақым келді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысындағы өрт салдарынан 108 ғимаратқа залал келтірілді, деп хабарлайды обыстық төтенше жағдайлар департаменті.
"3 қыркүйек, сағат 16.00-ден бастап өрт Озерный ауылына өтті, мұнда 8 үй мен бір әкімшілік ғимараты, Лесной ауылында бір үй, Аманөарағай ауылында 98 тұрғын үй мен қора-қопсы өртенді. Ұазіргі уақытта 108 ғимаратқа зақым келді", - делінген хабарламада.
Бүгін облысқа қосымша күш жіберіледі: 15 автоцистерна, 2 вахташылар, 1 қызметтік көлік, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД құрамынан 98 адам, Алматыдан су шашатын екі тікұшақ.
Қазір өртті сөндіруге 91 техника, 3 тікұшақ, 5 өрт сөндіру пойызы мен 600 адам жұмылдырылған.
Аманқарағай мұнай базасы мен Лесной аумағындағы өрт сөндірілді. Тұрғындар арасында көз жұмғандар жоқ, алайда он адам жарақат алды. Олардың 4-еуі орталық аудандық ауруханада, 6 тексеруден кейін және көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.
Өрт мемлекеттік орман қорының 3000 гектарын шарпыды.