НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Полицей аң аулау кезінде танысын атып жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы полиция департаментінде Қылмыстық кодексінің 104-бабы 1-бөлігі (Абайсызда қазаға ұшырату) бойынша қылмыстық іс тергелуде.
3 қыркүйек күні Хромтау ауданының кезекші бөліміне бір ер адам аң аулау кезінде өзінің танысын байқаусызда атып алғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Полиция қызметкері демалыс күнінде танысымен аңшылыққа барған. Аң аулау кезінде байқаусызда өзіне тиесілі қарумен танысын атып алған, салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.