НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Екібастұз қаласының "Vita" еріктілер ұйымына Кенжекөл балалар үйінің түлегі Игорь Баранчуков анасын тауып беру үшін көмек көрсетуді сұрап жүгінген, деп хабарлайды, Pavlodarnews.kz.
"Vita" еріктілер ұйымының мәліметінше, 1976 жылы туған анасы Екатерина Александровна Баранчукова соңғы деректер бойынша Екібастұз қаласында тұрған. Анасының суреті Pavlodarnews.kz сайтында жарияланған.

"Игорь анасын 2007 жылдан бері іздеуде. Оның бұл оқиғасы біздің еріктілерді бей-жай қалдырмады. Олар хабарсыз кеткен әйелді тауып, ұлының арманын орындаймыз деп үміттенеді", - дейді еріктілер.
Хабарсыз кеткен әйел туралы қандай да бір мәлімет болса, +7 778 295 9755 телефон нөмірі бойынша (Самал - Екібастұз қаласының іздеу бойынша үйлестірушісі) хабарласуды сұрайды.