Тоқаев дала өртіне қарамастан Қостанай облысына барады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жоспарланған жұмыс сапарын тоқтатпайды.
"Бұқаралық ақпарат құралдарынан "Қостанай облысындағы өртке байланысты мемлекет басшысының осы өңірге жоспарланған сапары бола ма?", - деген сауалдар келіп жатыр. Қалыптасып отырған жағдайға қарамастан, президент өзінің берген сөзінен таймай, 5 қыркүйектегі жұмыс кестесіне сәйкес Торғайға жұмыс сапарымен барады", - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
Оның айтуынша, қазір Әулиекөл ауданындағы өртті сөндіру үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жағдайды өңірге арнайы барған төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған жедел топ қадағалап отыр.
Саясат
Президент келесі аптада Қостанайға барады