Павлодарда автобус трамваймен соқтығысты

Sputnik
ПАВЛОДАР, 3 қыркүйек – Sputnik. Павлодар орталығында автобус пен трамвай соқтығысты, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кеше кешке Павлодар қаласындағы Естай көшесімен келе жатқан "Huanghai" маркалы автобустың 1968 жылы туған жүргізуші Мәшһүр Жүсіп көшесімен қиылыста №87 трамваймен соқтығысқан.
Жол апаты болған кезде автобуста 20, трамвайда 42 жолаушы болған. Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Тексеріс жүргізіліп жатыр.
Оқиға
Павлодарда рельстен шығып кеткен трамвай желіде әзілге айналды – видео