Маңғыстау облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысындағы "Шетпе – Жетібай" тасжолында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлады Polisia.kz.
2 қыркүйек күні кешке ВАЗ 2115 автокөлігінің жүргізушісі Шетпе ауылына қарай келе жатқанда жолдың қарсы бетіне шығып, MAN жүк көлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан ВАЗ 2115 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қарағанды облысында жол апатынан ерлі-зайыпты мен үш бала көз жұмды