НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысының полициясы балалар үйі тәрбиеленушілерін ұрып-соғып жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Polisia.kz.
27 тамыз күні Іле ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына отбасы үлгісіндегі балалар үйі тәрбиеленушілерінің ұрып-соғылғандығы жайында ақпарат келіп түскен.
Аталған сигнал бойынша ювеналды полиция қызметкерлері аудан әкімдігінің мамандарымен бірлесіп тиісті тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Тәрбиеленушілер біраз уақытқа “Солнышко” балалар үйіне тапсырылды.
Бұған дейін Алматы облысының тұрғындары асырап алған балаларын соққыға жыққаны туралы жазған болатынбыз.