НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Әлеуметтік желілерде Қазақстанда кәмелетке толмаған балалар Ұлттық қордан қанша ақша алатындығы туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды stopfake.kz.
Онда оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасалған. Ведомство бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша инвестициялық табыстың 50%-ін аударған кезде кәмелетке толмаған азаматының шотына жыл сайын 74 241 теңгеден түседі", – делінген таратылған хабарламада.
"Бұл мәселе бойынша оқу-ағарту министрлігінің өкілдері тарапынан түсініктеме болған жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", – деді оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Әбдуалиева.