НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Құтқарушылар, еріктілер, полицейлер Омбыдан Бурабайға демалуға келген әйелді бір күн бойы іздеді.
36 жастағы әйел 31 тамыз күні кешкісін қонақүйден шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған.
"Дабыл" сигналы бойынша іздеу жұмыстарына құтқарушылар, еріктілер, полиция қызметкерлері, кинологтар – барлығы 43 адам жұмылдырылды.
1 қыркүйекте Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ресейлікті тапты. Оған медициналық көмек қажет болмады.
Бурабайда жоғалған ресейлік әйел бір күннен кейін табылды
© Photo : "Ақмола Медиа Орталыгы"