Елорда тұрғыны үйдің жертөлесінде жасырын ойынхана ұйымдастырды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек - Sputnik. Елорда тұрғыны тұрғын үйдің жертөлесінде заңсыз "Покер" ойынын ұйымдастырды.
Ол "қолма-қол ақшаға чиптерді сатып, сатып алатын құмар ойынды жүзеге асырған", - деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Астаналық 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Биыл небәрі 7 айда қаржы мониторингі агенттігі 82 ойын мекемесінің, оның ішінде 4 жасырын казиноның қызметін тоқтатты. Ойын автоматтары, терминалдар, покер, рулетка үстелдері, компьютерлер, ұялы телефондар сынды 3 мыңға жуық зат, сондай-ақ 5 миллион теңгеден астам қолма-қол ақша тәркіленді,.
Денсаулық
"Ойынға ойсыз құмар": лудоманиядан айығуға бола ма