Тоқаевтың бастамасы: 18 жылға дейін балалардың шотында қанша ақша жиналады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қордың табысын үлестіру туралы бастамасы аясында балалардың шотында 18 жасқа дейін қанша ақша жиналуы мүмкін екенін түсіндірді.
"Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады", - деп хабарлады.
Руслан Желдібай Тоқаевты бастамасымен Балалар жылы аясында "Ұлттық қор – балаларға" атты жаңа бағдарлама іске қосылатынын еске салды. Оған сәйкес, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады.
Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады.
Балалар Ұлттық қордан өз үлесін алады