Президент сайлауы - 2022

Қазақстан халық партиясы алдағы президент сайлауына қатысты мәлімдеме жасады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан халық партиясы алдағы кезектен тыс президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайды, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
"Қазақстан халық партиясы мемлекет басшысының бүгінгі жолдауында жарияланған саяси өзгерістерге толық қолдау білдіреді. Кезектен тыс президент сайлауында, біз бұрын мәлімдегендей, қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз", - делінген партияның мәлімдемесінде.
2021 жылы өткен парламент сайлауында Қазақстан халық партиясы 9 пайыздан астам дауыс жинап, парламентке өтті.
Тоқаев бүгінгі жолдауында осы жылдың күзінде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды. Сонымен бірге ол сайлаудан кейін президент өкілеттігін қайта сайлану құқығынсыз бес жылдан жеті жылға ұзарту туралы бастама көтеретінін мәлімдеді.
Қазақстан халық партиясын Ермұхамет Ертісбаев басқарады.
Қоғам
Тоқаев күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды