Президент сайлауы - 2022

Перуашев "президент сайлауына қатысасыз ба?" деген сұраққа жауап берді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Журналистер мәжіліс депутаты, "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашевтен алдағы кезектен тыс президент сайлауына қатысу жоспарда бар ма деп сұрады.

"Партия мүшелері менің кандидатурамды ұсынса, оны съезд, құрылтайымыз қарастыру керек. Қазір мен өз атымнан айтсам, ертең сіздер қалай көрсететіндеріңізді өте жақсы білемін. Сол үшін мұндай шешім тек қана партиямыздың ресми органының қолында", - деді Перуашев Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Айтуынша, "Ақ жол" партиясы мүшелерінің арасында президенттікке лайықты кандидатуралар баршылық. Партия алдағы сайлауға үміткер ұсына ма, жоқ па, оны партияның ресми органы шешеді.
"Ең алдымен, сайлаудың нақты мерзімі анықталған кезде, біз ұлттық кеңесімізді шақырамыз. Мен өзім шақырамын. Ұлттық кеңесіміз құрылтай шақырамыз ба, жоқ па, шақырсақ кімді ұсынамыз деген мәселені қарайды. Құдайға шүкір, партиямыздың арасында жетекші органдарда жүзден астам лайықты азамат бар. Олардың арасында біреу қатысайын десе, болмаса басқа бір ұсыныс болса, біз құрылтайға жобамен шығамыз. Әрі қарай нақты шешімді құрылтай қабылдайды", - деді Перуашев.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Президент саяси додаға өзі қатысуға дайын екенін айтты.
Президент сайлауы - 2022
Қазақстан халық партиясы алдағы президент сайлауына қатысты мәлімдеме жасады