Әйелдердің зейнет жасы 61 жасқа дейін төмендейді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық әйелдердің зейнет жасы 61 жасқа дейін төмендейді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жұртшылықтың өтінішін ескеріп, әйелдер үшін зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде тіркеледі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет", - деді президент.