НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Шымкентте бес жасар бала терезеден құлап кетті.
Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген баланың жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар депарьаменті.
Оқыс оқиға 30 тамызда күндізгі сағат 15:19-да Ақжайық шағынауданындағы №2 бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйде болған. Ересектердің қарауынсыз қалған ұл бала абайсызда үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған.
"Бала дереу балалар ауруханасына жеткізіліп, "бел омыртқасының сынуы, іштің түтіккен жарақаты, жабық бас сүйек-ми жарақаты" деген диагноз қойылды, жағдайы ауыр. Жыл басынан бері қалада 5 терезеден құлау оқиғасы тіркелді. Барлық жағдайда балалар жарақат алған",- делінген хабарламада.