НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Ер адам жарақат алды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 30 тамызда сағат 08.00-де Ломов көшесі, 180 үйге қарама-қарсы өткелде болған.
"Лада Приора" автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздік ережесін сақтамай, 1977 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді", - деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Алтынбек Медияров.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері сараптама тағайындалғанын және автокөлік арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. Тексеру жүргізіледі.
Айта кетері, биыл облыс аумағында 263 жол апаты тіркелген. Салдарынан 44 адам қаза тауып, 403 адам жарақат алды.