Нұр-Сұлтандағы Сарайшық көпірінде жарықшақтар мен шұңқырлар пайда болған

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Сарайшық даңғылы бойындағы көпірде анықталған ақауларға байланысты жөндеу жұмыстары осы жылдың соңына дейін жүргізіледі.
Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, автомобиль көпірі 12 жыл бұрын жөнделген. Осы уақыт ішінде көпірде жарықтар мен шұңқырлар пайда болған.
Сарайшық көпіріндегі жөндеу жұмыстары
Осыған байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тамыз айында Мәңгілік ел даңғылы - Сарайшық көшесі мен Р.Қошқарбаев даңғылының қиылысындағы көлік айрығының учаскесінде автомобиль көпірін орташа жөндеу басталды.
"Алайда асфальтбетон жабынын фрезерлеу және деформацияланған қабатты бөлшектеу бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін темірбетон плитасының бетонды сілтісіздендіру белгілері бар учаскелер табылды", - делінген хабарламада.
Сарайшық көпіріндегі жөндеу жұмыстары
Бүгінгі күні бетонды демонтаждау бойынша жұмыстар жүргізілуде, одан кейін ақаулар анықталған жерлерге бетон қоспасын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, көпірді жөндеу жұмыстары осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін ұзартылады.
Сарайшық көпіріндегі жөндеу жұмыстары
Айта кету керек, көпірде жүру ыңғайлы болу үшін екі бағытта да қозғалыс сақталған (бірақ демалыс күндері, 2 қыркүйектің кешінен 5 қыркүйекке дейін қозғалыс толығымен жабылады, бұл туралы қосымша хабарланады).
Қала билігі жолдарда кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтарын өз маршруттарын алдын ала жоспарлауға шақырды.