Қоғам

Компанияларды рейдерлік жолмен иемденген қылмыстық топқа іздеу жарияланды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі бірнеше ЖШС-ны рейдерлік жолмен басып алу фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды агенттік сайты.
Алдын ала болжам бойынша зардап шегушіге келген шығын көлемі 18 млрд теңгеден асады.
14 шілдеде Р.Бабаев, Т.Танашев, Д.Әбижанов және А.Алтыбасаров сот шешімімен қамалды.
Қоспаев, Шалин және Имашевқа халықаралық іздеу жарияланды. Мүлікті анықтау және тыйым салу шаралары қабылданды. Жоғарыда аталған азаматтардың $9 млн жуық қаражаты, зергерлік бұйымдары бұғатталды.
Күдіктілер мен оларға қатысты тұлғалардың 154 жылжымайтын мүлік объектісі, 19 көлігі тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.
Агенттік аталған топ мүшелерінің рейдерлік әрекетінен зардап шеккен азаматтардан шағымдар әлі де келіп түсіп жатыр.
"Осыған орай Қоспаевтың және басқа да тұлғалардың әрекетінен зардап шеккен кәсіпкерлерді қаржы мониторингі агенттігене немесе аумақтық департаменттерге хабарласуға шақырамыз" деп мәлім етті ведомство.