НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда
"Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылсын", - делінген президент жарлығында.
Мемлекет басшысының жарлығымен Оңдасын Сейілұлы Оразалин Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды.