НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. FlyArystan әуе компаниясының ұшағына құс кіріп кетті. Салдарынан Ақтөбе-Атырау және Ақтау-Атырау рейстері бөгеліп жатыр.
Оқиға бүгін Анталья-Ақтөбе бағытындағы КСХ 7820 рейсінде болды. Аirbus A320 ұшағы әуежайға қонғалы жатқанда шассидің жармасына құс кіріп кеткен. Әуе кемесін тексеру үшін жақын арадағы рейспен Алматыдан инженер жіберілді.
"Осы оқиғаға байланысты Ақтөбе-Атырау КС7292 рейсі шамамен 3 сағат 50 минутқа, ал Атырау-Ақтау-Атырау KC7275/7276 рейсі 15 сағатқа кешігеді", - деп мәлімдеді Air Astana компаниясының баспасөз қызметі.
Айта кетері, жыл басынан бері Air Astana компаниялар тобының рейстерінде құстармен соқтығысудың 99 жағдайы тіркелді.