НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Алматы облысында газ жарылысынан бір адам кө жұмып, бесеуі жарақат алды.
Жарылыс Іле ауданының Өтеген батыр кентінде болған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 31 тамыз сағат 10:21-де Жерұйық көшесінде PolpanInsulation ЖШС зауытының жылу оқшаулағыш плита өндіретін ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылды.Салдарынан 50 шаршы метр алаңда қабырға қаптамасы жанғаны және жалпы ауданы 400 шаршы метр шатыр мен қабырғаның опырылып құлады.
Мамандар жарылыс болған жерген дереу келді.
"Өрт сағат 10:35-те ауыздықталып, сағат 10:50-де сөндірілді. Жалпы ауданы - 50 шаршы метр",- делінген хабарламада.
Төтенше жағдай салдарынан 5 адам орташа ауыр жарақат алып, бір адам көз жұмған.
Өртті сөндіруге 15 өртсөндіруші мен 4 техникасы, сондай-ақ полиция қызметкерлері, 3 жедел жәрдем бригадасы және басқа да өзара іс-қимыл қызметтері қатысты. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.