НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз - Sputnik. Ақмолалық полицейлер кәмелетке толмаған көлік ұрлаушыны ұстады.
Ішімдік ішкен 17 жастағы жасөспірім бөтен біреудің көлігін айдап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.
30 тамызға қараған түні Щучье қаласында "Лада Калина" көлігінің ұрланғаны туралы полицияға ақпарат түскен.
Тәртіп бұзушы полицейлердің талаптарына бағынбай, Петропавл – Нұр-Сұлтан республикалық тасжолына қарай бет алған.
Кейін тасжолға облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмылдырылған. Полиция отряды тоқтау туралы белгі бергенімен, жүргізуші жылдамдықты асырған. Ол өзіне де, басқа да жол қозғалысы қатысушыларына да қауіп төндірген.
Рөлге ие бола алмай, брусқа соғылып, медициналық мекемеге жеткізілді.
Жасөспірім ішімдік ішкен. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.