НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
"Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады. Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады", - деп жазды мемлекет басшысы.