НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Өткен тәулікте республика бойынша коронавирус жұқтырған 228 адам тіркелді.
Бір күн бұрын 445 адам індетке шалдыққан болатын.
Өңірлер арасында:
Нұр-Сұлтан қаласында - 47,
Алматы қаласында - 38,
Шымкент қаласында – 3,
Ақмола облысында – 35,
Алматы облысында - 2,
Атырау облысында - 2,
Шығыс Қазақстан облысында - 8,
Абай облысында - 2,
Жамбыл облысында - 3,
Батыс Қазақстан облысында - 10,
Қарағанды облысында - 46,
Ұлытау облысында - 5,
Маңғыстау облысында - 6,
Павлодар облысында - 10,
Солтүстік Қазақстан облысында – 11.
Жалпы пандемия басталғалы бері елімізде 1 388 249 адам коронавирус жұқтырды.
30 тамыздағы мәлімет бойынша, 18 004 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, солардың ішінде 573 пациент стационарда, 17 431 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
17 адамның жағдайы ауыр,
7 пациенттің жағдайы өте ауыр,
5 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Қазақстанда вакцинаның 1-ші компонентін 9 584 386 адам, 2-ші компонентін 9 368 116 адам салдырды.