Білім

Атырауда ресейлік мұнай және газ университетінің филиалы ашылады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз - Sputnik. 2 қыркүйекте Атырауда С.Өтебаев атындағы мұнай және газ университетінің базасында Губкин атындағы Ресей мұнай және газ университетінің филиалы ашылады.
"Губкин атындағы университет Атырауда "Газ және мұнай құбырларының және газ және мұнай қоймаларының құрылысы мен пайдалану", "Мұнай және газ технологиялары", "Табиғи мұнай және газ қабаттарын геологиялық модельдеу", "Газ және мұнай құбырларының құрылысы және пайдалану" оқу бағдарламалары бойынша бакалавриат студенттерін қабылдау науқанын бастады", -деп хабарлайды ресейлік университеттің баспасөз қызметі.
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті – мұнай-газ саласына кадрлар дайындайтын Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған жоғары оқу орны.
Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетімен 2015 жылдан бері ынтымақтастықта. Атырау университетінің базасында Губкин университетінің филиалының ашылуы білім беру бағдарламаларының трансфертін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, екі мұнай-газ университеті арасында ақпарат және тәжірибе алмасуға ықпал етеді.
Өңірлер
Түркия Қазақстандағы университетке 20 миллион доллар бөледі