НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. Павлодарда үйінде жанжал шығарған мас адам жауапқа тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.
Сағат 00.00 шамасында "102" пультіне Павлодар тұрғынынан қоңырау түскен. Әйел өзінің құрбысы көмек сұрап жатқанын, оның күйеуі үйінде жанжал шығарғанын жеткізген.
"Дереу көрсетілген мекенжайға патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жіберілді. Істің барлық мән-жайын анықтау үшін бір полиция қызметкері онымен бірге кірді. Пәтерге кірген тәртіп сақшысы төсек, жиһаз, тұрмыстық заттар еденде жатқанын көрген. Әйел мұның бәрі жұмыстан мас болып келген күйеуінің ісі екенінайтқан", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Данияр Бек.
Тәртіп сақшылары жанжалқой ер адамды орталыққа жеткізді, онда оның орташа мас екендігі анықталды. Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторы ер адамға қатысты қорғау нұсқамасын шығарды, онда қала тұрғыны әйелімен біраз уақыт байланыса алмайтыны айтылған.
Сондай-ақ оған қатысты ҚР ӘҚБтК 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар Павлодар қаласы ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары жәбірленушіге дағдарыс орталығында балаларымен баруды ұсынды, себебі мұндай жағдай бірінші рет емес. Бұл отбасы бақылауға алынды.