Рината Сұлтанова Азия кубогында алтын медаль жеңіп алды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. Тректегі веложарыстан Қазақстан құрамасының өкілі Рината Сұлтанова Таиландта өткен Азия кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.
Ол топтық жарыста ұпай саны бойынша үздік атанды.
Бұған дейін спортшы топтық іріктеу жарысында қола жүлде алған болатын.