НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады,, деп жазды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында.
"Бүгін– Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күннің бүкіл адамзат үшін мән-маңызы айрықша. Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті. Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады", - деді мемлекет басшысы.
29 тамыз - Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күн 2009 жылдың 2 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-ші сессиясында бекітілді.