Фото

Жүрек жұтқандарға арналған: әлемдегі шыны көпірлер – фото

Бұл көпірлердің нәзік көрінетіні соншалық, оған қадам басудың өзі үлкен батылдықты қажет етеді. Бірақ, барлық кү-жігеріңді жинап, шыны көпірмен бір жүріп өтсең, ол серуенді ешқашан ұмытпайтының анық.
Sputnik
Sputnik Қазақстан дайындаған суреттер топтамасынан жаяу жүргіншілерге арналған әлемдегі ең әсерлі шыны көпірлерді тамашалай аласыздар.
1 / 8

Тбилисиден шамамен 100 километр жерде орналасқан Цалка қаласының сыртындағы Цалка каньоны үстінен салынған 240 метрлік шыны көпір. Көпірдің ортасында ромб пішінді дәмхана бар. Көпірдің ашылу салтанаты осы жаздың басында өтті.

2 / 8

Қытайдың Хунань провинциясындағы Чаншидан шамамен 150 километр жерде орналасқан Синючжай тауындағы асты шыны аспалы көпір. Бастапқыда көпір ені шамамен 300 метр болатын ағаш жол түрінде болған.

3 / 8

Вьетнамның Сон-Ла провинциясындағы Мок Чау ауданындағы Бах Лонг шыны көпірі. Көпір қалың ағаш басып тұрған шатқалдан шамамен 150 метр биіктікте ілулі тұр.

4 / 8

Красная Полянадағы Розе Пиктегі (теңіз деңгейінен 2320 метр биіктікте) шыны аспалы көпір. "Роза Хутор" шипажайында демалушыларға арналған үш аспалы көпір бар. Үлкен (115 метр), Кіші (72 метр) және ұзындығы 32 метр болатын баспалдағы шыны жаңа көпір.

5 / 8

Қытайдың Чжанцзяцзе қаласындағы асты шыны жаяу жүргіншілер көпірі. Бұл көпір нағыз жүрек жұтқан туристерге аңғарды 4700 фут биіктікте тамашалауға мүмкіндік береді.

6 / 8

Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясындағы Шицзячжуан қаласындағы шыны көпір екі ғимаратты байланыстырады және ол Қытайдағы алғашқы қалалық шыны көпір болып саналады. Оның ұзындығы 100 метр және жерден 30 метр биіктікте орналасқан. Арнайы жабдық арқылы шыны көпір үстімен жүрген кезде шытынап жатқандай әсер тудырады.

7 / 8

Оңтүстік Кореяның Вонджу қаласындағы аспалы шыны көпір.

8 / 8

Қытайдың Хунань провинциясындағы Чжанцзяцзедегі алқап үстіне керілген көпір әлемдегі ең биік және ең ұзын асты шыны көпір саналады.