Елордада тағы бір көше жабылады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ақмешіт көшесіндегі жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды әкімдік.
Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 28-31 тамыз аралығында Ақмешіт көшесінде Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы шектелетін болады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген көлік басқармасының хабарламасында.