Елімізде 29 тамызда ауа райы қандай болады

Елдің батыс өңірінде аптап ыстық сақталады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұлтсыз және құрғақ ауа райына себеп болатын ауқымды антициклонға байланысты болып тұр, деп хабарлады Қазгидромет.
Тек еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронттар жаңбыр мен найзағай тудырады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Батыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ал Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.