НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Райымбек даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысындағы көтерме сауда базарының жанында орналасқан ғимараттағы өрттің себебін анықтап жатыр.
Өрт туралы хабарлама Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментіне сағат 16:00 шамасында келіп түскен.
Санаулы минут ішінде бірнеше өрт сөндіру қызметінің бригадасы келіп, дереу өртті сөндіруге кірісті. Ол кезде тілсіз жау шамамен 200 шаршы метр аумақты шарпыған болатын.
Sputnik Қазақстан тілшісі анықтағандай, өртке оранған ғимаратта асхана, ет дүкені, шаштараз, ойын автоматтары клубы және кеңсе бөлмесі болған.
Өрттің нақты қай жерде және неден туындағанын тергеу барысында тағайындалатын өрт-техникалық сараптама анықтайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.