Фото

Шығыс ертегісіндегідей: Пәкістанда той көйлектерінің сән көрсетілімі өтті – фото

Танымал пәкістандық кутюрье Каши Карачиде Bridal Festive 2022 сән көрсетілімін өткізді. Сән әлеміндегі маңызды іс-шараның бірі қалай өткені туралы суреттер топтамасынан көріңіздер!
Sputnik
Kashee's сән үйінің той көйлектерінің дизайнері Кашиф Аслам ауқымды жеке көрме барысында өзінің соңғы топтамасын көрермен назарына ұсынды.
Бұл топтама елдің бай мәдениеті мен салт-дәстүрін паш етті. Той көйлектерін дайындау кезінде дәстүрлі кестелеп тігу әдісі, бағалы тастар, гауһар мен Сваровски кристалы қолданылып, түстер үйлесімі сәтті жүзеге асырылды.
Шығысқа тән қанық түстер, шығыс ханшайымдарына ұқсас модельдер мен теңдессіз той көйлектерін суреттер топтамасынан көріңіздер!
1 / 12

Пәкістандағы сән көрсетілімі кезіндегі модель.

2 / 12

Көрсетілімді жергілікті танымал дизайнер Каши ұйымдастырды.

3 / 12

Көрсетілім "Үйлену тойы фестивлі" аясында өтті.

4 / 12

Іс-шара Пәкістанның ірі қалаларының бірі – Карачиде өтті.

5 / 12

Пәкістандық үйленуі тойының сәні жергілікті қатаң салт-дәстүрге негізделген.

6 / 12

Үйлену тойының сән көрсетіліміндегі модельдер шығыс ертегілеріндегі ханшайымдарға қатты ұқсады.

7 / 12

Пәкістандық дизайнерлердің үйлену тойына арналған киімдер кестеленген тігіспен және әдемі фурнитурамен көмкерілген және аса қымбат матадан тігілген.

8 / 12

Заманауи пәкістандық қалыңдықтарға арнап той көйлегін дайындау кезінде бағалы және жартылай бағалы астар, тіпті гауһар тас та қолданылды.

9 / 12

Пәкістандық кутюрье дәстүрлі және заманауи стильдегі той киімдерін көрермен назарына ұсынды.

10 / 12

Модельдер Карачиде өткен той киімдерінің сән көрсетілімінде Каши қолынан шыққан туындыларды таныстырып тұр.

11 / 12

Қатаң дәстүрге қарамастан, пәкістандық дизайнерлер той көйлегін тігу барысында креативті әрі ерекше әдістерді де қолданады.

12 / 12

Модельдер Карачиде өткен Bridal Festive Fashion көрсетілімі кезінде Каши көйлектерін таныстырып тұр.