Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 30 тамызда жұмыс істемейді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. 30 тамызда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы адамдар, автокөліктер мен жүк өткізілмейді.
Автомобиль өткізу пункттерінің жұмысы Қазақстанның Конституция күнін атап өтуіне байланысты тоқтатылады, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.
Ведомство тасымалдаушыларды және шекарадан өтуге ниет білдірген азаматтарды енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағдарын алдын ала жоспарлауға шақырды.