КӨКШЕТАУ, 27 тамыз – Sputnik. Қосшыда із-түзсіз жоғалған алты жасар бала септиктен өлі табылды. Ақпаратты Ақмола облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бала бір күн бұрын, 26 тамызда жоғалып кеткен. Кешкі сағат тоғыз жарымда әкесі полицияға хабарласып, кешкі жеті жарым шамасында баланың аулаға ойнауға шығып, жоғалып кеткенін айтқан.
Полицейлер баланы іздеуге кірісті. Бала жеке үйдің септигінен табылды.
"Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде баланың мәйіті кәріз шұңқырынан (септиктен) табылды", - деп хабарлады полицейлер.
Еске сала кетейік, 14 маусымда Ақмола облысының Бұланды ауданында екі жасар бала даладағы дәретхананың шұңқырына құлап көз болды.