НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысында жол апатынан бір отбасының мүшелері көз жұмды, бір бала ауруханаға жеткізілді.
26 тамызда сағат шамамен 23.30-да "Балқаш-Приозерск" тас жолында "Опель Вектра" жүргізушісі жөндеу жүріп жатқан жабық жолда "Хово" автомашинасымен бетпе-бет соқтығысты.
Жол апаты салдарынан "Опель Вектра " автомашинасының 35 жастағы жүргізушісі, көлікте болған жұбайы, кәмелетке толмаған үш баласы сол жерде қайтыс болды, бір бала медициналық мекемеге жеткізілді.
Факті полицияда тіркелді және тағайындалған қажетті сараптамалар қорытындылары бойынша процессуалдық шешім қабылданады.