НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай құттықтау хат жолдады.
Армения премьер-министрінің айтуынша, жоғары деңгейдегі белсенді диалог пен бірлескен жұмыс армян-қазақ қарым-қатынасының әлеуетін іске асыру үшін жаңа көкжиектер ашады.
Армения премьер-министрінің пікірінше, жоғары деңгейдегі белсенді диалог пен бірлескен жұмыс армян-қазақ қарым-қатынасының әлеуетін іске асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
"Екі ел халқы арасындағы достық тарихында бұл айтулы дата екіжақты деңгейде де, көпжақты формат аясында да әріптестікті ілгерілету үшін сапалы жаңа мемлекетаралық қарым-қатынас құруға бастама болды", - деп жазылған үндеуде. Бұл туралы Армения үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Арменияның үкімет басшысы парламент пен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның бірізді жұмысы, мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандыру армян-қазақ қарым-қатынасының әлеуетін іске асыруда жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімді.
Пашинян парламенттер мен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның дәйекті жұмысы, мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандыру армян-қазақ қатынасының әлеуетін іске асыруда жаңа көкжиектер ашатынын айтты.
"Бұл біздің халықтарымыздың мүддесінен, аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатысты өзара қызығушылықтан туындайды", - деп атап өтті Армения премьер-министрі.
Пашинян Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.