Түркістан облысының әкімі Шөкеев отставкаға кетті – БАҚ

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға кетуге өтініш берді, деп хабарлайды бұқаралық ақпарат құралдарды.
Otyrar.kz порталы Шөкеевтің орынбасары Сәкен Қалқамановқа хабарласып, тараған ақпаратты растап беруді сұрады.
Әкімнің орынбасары растамады, бірақ жоққа да шығарған жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдары таратқан мәліметке сәйкес, Шөкеев отставкаға кету туралы өтінішті 24 тамызда жазған.
Бұған дейін Кентау қаласының басшысы Дәурен Мақажанов жемқорлық үшін кінәлі деп танылған. Пара алған лауазымды шенеунік 10 жылға сотталды.
Сол жолы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға кетуге дайын екенін айтқан.