Саясат

Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Ақорда.
Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.
Айта кетері, мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Бірлескен отырыс 1 қыркүйекте сағат 11.00-де елордада өтеді.