Оқиға

Талдықорғанда салынып бітпеген биік ғимараттың маңынан қыздың денесі табылды

Полицияның болжамы бойынша қыз өз-өзіне қол салған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Талдықорғанда 25 тамыз кешке құрылысы аяқталмаған биік ғимараттың жанынан жас қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға Восточный шағын ауданының шетінде болған.
Болжам бойынша, 23 жастағы жергілікті тұрғын үлкен биіктіктен секіріп, өзіне қол жұмсаған. Өлім себептері мен мән-жайы анықталуда.
Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.