Синоптиктер 27 тамыздағы ауа райын болжады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Қазгидромет 27 тамыздағы ауа райына болжам жасады.
Синоптиктердің болжамынша,еліміздің солтүстік, шығыс өңірлеріндегі ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты жауын-шашын, найзағай өтетін атмосфералық фронттар айқындайтын болады.
Елдің қалған аумағында әлі де бұлтты және құрғақ ауа райын сақтай отырып, ауқымды антициклон жотасы үстемдік етеді. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді.
Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Батыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С болады.
Алматы қ:аласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде +12+14°С, күндіз +26+28°С болады.
Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +14+16°С, күндіз +31+33°С болады.