НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 472,20 теңгені құрады.
Осылайша шетелдік валюта бір тәулікте 6,98 теңгеге қымбаттады.
Валюта айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 473-475 теңгеге сатып алып, 478-479 теңгеден сатып жатыр.