НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Ақтөбе қалалық №2 соты "Гарант 24", "Выгодный займ" және "ESTATE Ломбард" қаржы пирамидаларының ұйымдастырушыларына үкім шығарды.
Қаржы пирамидаларының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қатысты айыптау үкімі шықты.
Ұйымдастырушылар 18 жылға, ал қатысушылары 6 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Айта кетері, қылмыстық іс былтыр маусым айында сотқа жолданған болатын. Қылмыскерлер 17 мың қазақстандықты алдап, 30 млрд теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды Ақтөбе облысының полиция департаменті.