Өңірлер

Алматы облысында шетел азаматы шекарашыларға оқ атты

Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Алматы облысы бойынша шекара қызметі департаментінің шекарашылары Іле Алатауы жотасының таулы шатқалынан шекараны бұзып өткен шетел азаматын ұстады.
Шекара нарядының тоқта және құжатыңды көрсет деген талабын естіген шекара бұзушы өзінің аңшы қаруымен әскери қызметшілерге қарай оқ атып, қарсылық көрсеткен және ізін суытуға тырысқан.
Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Шекарашылардың өмірі мен денсаулығына зиян келмеді, олар шекараның таулы учаскесін күзету бойынша қызметтерін жалғастырды.
Әскери қызметшілердің ұстау кезінде көрсеткен ержүректігі мен батылдығын ескере отырып, оларды көтермелеу мәселесі қаралуда.