Алматы облысында мемлекеттік шекараны бұзған шетелдік ұсталды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Шекарашылар Кеген ауданындағы Іле Алатауы жотасының таулы шатқалдарының бірінен мемлекеттік шекараны бұзып өткен шетел азаматын ұстады.
Шекара нарядының тоқта және құжатыңды көрсет деген талабын естіген шекара бұзушы өзінің аңшы қаруымен әскери қызметшілерге қарай оқ атып, қарсылық көрсеткен және ізін суытуға тырысқан, деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Шекарашылардың өмірі мен денсаулығына зиян келмеді, олар шекараның таулы учаскесін күзету қызметін жалғастырды.
"Әскери қызметшілердің ұстау кезінде көрсеткен ержүректігі мен батылдығы ескеріле отырып, оларды көтермелеу мәселесі қаралып жатыр", - делінген хабарламада.